Office 2016 Product Key sale frevvy Buy Cheap Office 2016 products Activation keys 4.8/5 (from 354 reviews) 25.49USD Suppliers cheap Office 2016 Product Key Windows 10 Home Key Office Professional Key sale buy Office Professional 2013 Key http://www.productkeysale.com buy cheap windows 10 key buy cheap office 2016 key buy cheap office 2013 key purchase Windows 10 Professional key

20.06.2018

«Алға басу – движение вперед!» қайырымдылық акциясы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында, сондай-ақ мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында 2018 жылғы 16 маусымда  бір стартпен, бір күнде, бір уақытта, барлық облыстық орталықтарда,  Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Алға басу – движение вперед!» қайырымдылық жүгірісі (марафон) өтті. Аталған шарадан жиналған қаражат «Подари детям жизнь» қорын қолдау үшін жұмсалады.

Қайырымдылық марафонға қатысып, жүлделі орын алған Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы – Нұрболатова Марфуға Құдайбергенқызы, (1-орын 32-39 жас аралықта).

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі амақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғ. Ермағанбетов


12.10.2017

Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижиесімен мемлекеттік қызметтерді алу барысында табиғат пайдаланушылар тарапынан жиі жіберілетін кемшіліктердің тізімі жасақталды. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындыларына жүргізілген талдау нәтижиесі негізінен табиғат пайдаланушылар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалаушы кәсіпорындар тарапынан методикалық нұсқаулықтардың, ережелердің және экологиялық заң талаптарының сақталмайтындығын көрсетті.

Аталғандарға сәйкес, Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында табиғат пайдаланушылар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалаушы кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырылып, экологиялық реттеу бөлімінің мамандары жиі жіберілетін кемшіліктер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті, Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Е.Жайназаров

«Құралайдың салқыны» қашан болады?

 Ертеде астролог, метеоролог мамандар болмаса да ата-бабаларымыз ауа райын табиғат құбылысына қарап болжай білген. Кең-байтақ даламызда көшіп-қонып жүріп ауа райын мұқият бақылаған. Қоныс аударуға артынып-тартынбас бұрын күн райын бағамдап барып, жолға шыққан екен. Жыл сайын бір мезгілде қайталанып отыратын, өлкемізге тән жайттарды жадына тоқып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген.

далее…

Қазақстандағы экологиялық проблемалар

22 ақпан

Қазақтар – тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық – “экология” деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің “Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек”,- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. далее…

АРҚАДАН АУҒАН АРҚАРҒА «ҚЫЗЫЛ КІТАП» ПАНА БОЛА МА?

19 желтоқсан

Қоршаған ортаның құнды қазынасын қастер тұтқан қауым әрбір жүгірген аң мен ұшқан құсты, өсімдіктер әлемін көздің қарашығындай сақтауға көңіл бөледі. Ашығын айтайық, осы тұрғыда біз өз жағдайымызбен мақтана алмаймыз. Кезінде иен даланың еркесіне айналған аң мен құстың көбі қазір санаулы ғана қалғандай. Біразын «Қызыл кітапқа» да енгізіп үлгердік. Талай мәрте мылтық тың нысанасына жазықсыз жануарды байлап та жібердік. Адамдар тарапынан осын дай аяусыздық көрген тіршілік иелері аз ғана уақыт ішінде азайып шыға келді. Осындай аңдардың қатарына арқарды жатқызуға болады. Тау мен тасты мекен еткен арқар қазір көзге көп ұшыраса қоймайды. Бәлкім, адамнан аяушылық көрмегеннен кейін олар да өз әрекетін жасауға көшкен шығар. далее…

Удивительный микромир (фото)

13 декабрь

Микроскоп открывает нам неизведанные миры – порой пугающие, порой красивые, а иногда и пугающе-красивые.

Такие банальные вещи, как крапинки на божьей коровке при многократном увеличении вдруг оказываются покрытыми кратерами пор и странными волосками… далее…

ҚАЗАҚТЫҢ ЖУСАНҒА ДЕГЕН САҒЫНЫШЫ ЖОҒАЛЫП БАРАДЫ

8 желтоқсан

Қазақтың қара баласы жусан дегенде ерекше сезімге бөленеді емес пе? Қарасирақ кезімізден жусан иісін иіскеп өскеннен бе, ауыл жайлы әңгіме қозғалғанда алдымен өсімдіктің осы түрі еске түседі де тұрады. Ұлан-байтақ даламыздың қай қиырына барсақ та, оны кездестіреміз. Жусан арғы-бергі қиыры атты адамға айшылық алыс жол болатын кең-байтақ жеріміздің сәнін кіргізіп тұрған секілді көрінеді бізге. Бүйрегіміз бұрып тұратыны да сондықтан да шығар, бәлкім. Қалам иелерінің қиялынан туған ауыл тақырыбы таразыға тартылған шығармасында жусан өсімдігі міндетті түрде сөз етіледі. Белгілі жазушы Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» туындысы біздің бала кезімізде сүйіп оқитын шығармаға айналған еді. далее…

Балық шаруашылығы – табыстың көзі

5 желтоқсан

Осыдан 15-20 жыл бұрын Қызылорда облысындағы балық шаруашылығы кеңінен қанат жайды. Сол кездері Республика бойынша алдыңғы қатардан көрінетін. Түрлі себептермен аталған шаруашылық тұралап, бұл саламен айналысатын көптеген шаруашылық құрылымдары жабылып қалды. Қаншама кәсіби балықшылар өз кәсіптерімен айналысуға мүмкіндіктері болмады. Дегенмен соңғы 4-5 жылдың көлемінде мемлекет, облыс әкімдігі тарапынан көңіл бөлініп, балық шаруашылығы саласы біртіндеп еңсе тіктей бастады.

Елбасының тарихи дара бастамасымен Сыр өңірінде жүзеге асып, «Ғасыр жобасы» атанған «Сырдария өзенінің арасынан реттеу және Солтүстік Арал теңізн сақтау» (САРАТС) жобасының 1-кезеңінің іске асырылуы нәтижесінде Солтүстік Арал теңізінің суының көлемі 320 мың гектарға дейін жетіп, кеуіп қалған бірнеше ірі көлдерге су келіп қалпына түсті. Балық аулау көлемі 400 тоннадан 4330 тоннаға дейін артып балық қоры жыл сайын молаюда. далее…

Ерке еліктер неге жоғалып барады?

1 қараша

Ерте кезеңде Сыр өңірінің аң мен құсы топ-тобымен өріп жүретін, жасыл желегі жайқалған жұмақ жер болғаны қазір бүгінгі ұрпақ үшін құр әншейін ертегі секілді көрінетіні рас. Адамзат өркениетінің өрісі өрге шыққан сайын табиғаттың тереңнен тартқан тамырына аяусыз балта шауып жатырмыз. Қазір көптеген аң мен құс екі қолдың саусағындай санаулы болып қалды. Аңшылықты кәсіп еткен кейбір адамдар басқасына бас ауыртпай, мылтықтың шүріппесіне жан-жануарларды оңды-солды байлап жатады. Мұндай мейірімсіз көзқарас иен далада желе жортқан талай аң мен құстың басына қара бұлт үйіріп, кейбірінің тұқымын тұздай құртып жібере жаздады. Талай қалам ұстаған қаламгердің жүрегінен жыр болып төгілген еліктер осындай күйге түсті. Дарияның бойында мың жылдай бұрын ерке еліктер молынан кездесетіні жайында араб жиһанкездерінің жазбаларынан оқуға болады. Сондай-ақ далее…

ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

14 ақпан

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
далее…