Office 2016 Product Key sale frevvy Buy Cheap Office 2016 products Activation keys 4.8/5 (from 354 reviews) 25.49USD Suppliers cheap Office 2016 Product Key Windows 10 Home Key Office Professional Key sale buy Office Professional 2013 Key http://www.productkeysale.com buy cheap windows 10 key buy cheap office 2016 key buy cheap office 2013 key purchase Windows 10 Professional key

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – басты назарда!

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарапынан 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар:

1) Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру;

2) Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру;

3) Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру;

4) Су тарту құрылғыларының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу;

5) Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру;

Инспекция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер электронды және қағаз түрінде жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;

2) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы;

3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламентінде айқындалады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету

Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушілерге қағаз жеткізгіште жөнелтуді көздейтін мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы болған кезде оның өтінішін қабылдауға міндетті.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері жүзеге асырады.

Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету

Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат не «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйесінен мәлімет беру электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша

келісімі негізінде электрондық құжат нысанындағы оның сұрау салуын халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастыру;

2) жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасауы;

3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға оның Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына және (немесе) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезінде ұсынылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.

Барлық мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға

ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:

1) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

Қызмет алушыға рұқсаттар, келісім мен анықтамалар – екі жұмыс күннен бес жұмыс күн аралығында беріледі;

2) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап рұқсат, келісім мен анықтамаларды алу үшін ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде.

Жоғарыда белгіленген мерзімдерде рұқсат берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда, рұқсат берілген деп есептеледі және бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық

инспекциясының бас маманы

О. Холов